Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Телефон доверия

8/7292/50-40-49
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@med.mail.kz
Телефон: +7 (7292) 50-73-62

Ұйымдастыру-әдістемелік  бөлім:
 
 
  

Абраев Галымжан Токенович
ЖИТС Облыстық  орталығында медициналық қызмет сапасы бойынша менеджері  Галымжан Токенович Абраев болып  табылады. Ол  1989 жылы Алматы  мемлекеттік медицина  институтын  бітірген.
1989 –  1994 жылдары Алматы қ. 4-қалалық  клиникалық  ауруханасының дәрігер травматологы болып  істеген.
1995 –  2011  жылдары ҚР ҰҚК  Шекара  қызметінде әр  түрлі  лауазымдарда әскери  дәрігер  қызметін атқарған.
 2011 –  2017 жылдары  ҚР ҰҚК   Маңғыстау  облысы  бойынша департаментінің  медицина қызметін басқарған.
2017 жылдың  қарашасынан бері  ЖИТС МОО пациенттерді қолдау  және ішкі бақылау қызметінің  дәрігері  болып  істейді.
Оның  міндеттеріне  мыналар кіреді:
1.Ұйым бөлімшелерінің өзіндік процестері  мен  емшараларын бағалау, медициналық  көмек  сапасын бағалау  индикаторларын, денсаулық  сақтау саласының стандарттарын  енгізу  жөніндегі  қызметінің  тиімділігіне талдау  жүргізу.  
2. Ішкі  аурулық  комиссиялар қызметіне  талдау  жүргізу.
3. Ұйымның  басшылығына басқарушылық  шешімдерді қабылдауы  үшін, талдау  нәтижесінде   анықталған проблемалар  туралы ақпарат ұсыну.
4. Ұйымның  персоналына  медициналық  көмектің  сапасын қамтамасыз   ету  мәселелері бойынша оқыту жүргізу  және әдістемелік   көмек   көрсету.  
5. Ұйымның өзінде  қызметкерлердің  пікірін зерделеу және сапаны жақсарту және ұйымдағы  пациенттердің қауіпсіздігін  қамтамасыз   ету  жөніндегі  шаралар  туралы   персоналды  хабардар   ету.
6. ЖИТС МОО-да медициналық  көмек сапасын басқару жөніндегі бағдарламалардың  тиімділігін  бағалау критерийлерін  әзірлеу  және  енгізу.
7. Денсаулық  сақтау  саласындағы стандартарға сәйкестілігі  мәніне  бағалау  процестерін  жүргізу.
8. Өткізілген  осылардағы емдеу- диагностикалық   іс-шараларының белгіленген  стандарттарға  сәйкестілігі  мәніне аудит жүйесін – жан-жақты ретроспективті талдауды  енгізу.
9. Қызметін  талдау  нәтижелері мен медициналық  көмектің  сапасы  мен  тиімділігін  арттыруға   ықпал   ететін, жұмысындағы ақаулықтарды  ескертуге  және жоюға бағытталған  іс-шараларды   әзірлеу.
10. Басқару  жүйесі мен медициналық  көмек   көрсету  тәртібін  жетілдіру жөнінде ұсыныстар  енгізу.
11. Медициналық  көмектің  сапасын  жақсартуға қатысушы  қызметкерлерді   көтермелеу немесе пациенттің  денсаулығына зиян  келтіретін немесе  медициналық  көмектің  сапасына  теріс  әсер   ететін, жүйелі  түрдегі  бұзушылықтар  мен   жағдайлар  анықталған  кезде тәртіптік   ықпал  ету шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар  енгізу.
12. Өз жұмысында деонтология (парызтану)  қағидаттарын  сақтау.
13. Медициналық  көмек   көрсету тәртібін  бұзушылық  фактілерін  анықтау (пациенттің медициналық көмек   көрсету сапасына риза болмауы, пациенттің  медицина персоналының  тарапынан дөрекіліккее ұшырауы, медицина  персоналының  тегін  медициналық көмектің  кепілдік  берілген  көлемін  көрсету аясында   көрсетілетін  медициналық  қызметтер үшін   ақшалай қаражат бопсалау фактісіне ұшырауы).
14. Пациенттің  өтінішін мүмкін болатын  қысқа  мерзімде қарау  және  бес   күнтізбелік   күннен  кешіктірмей,  өтінішті қарау  нәтижелері бойынша   ақпарат  ұсыну.
 
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің штаты:
- ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Г.Т. Абраев
-  дәрігер-эпидемиолог-Ж.Ә. Таңатарова
- ТБ инженері-А.Ж. Киев
- IT-маман - О.Ә. Жұмағали 
 
 


 

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 

     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АҚТҚ және ЖҚТБ-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2018

45

Выявлено граждан РК

7

Выявлено иностранцы

75
%

Мужчины

25
%

Женщины

Информация об ОСМС