Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Телефон доверия

8/7292/50-40-49
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@med.mail.kz
Телефон: +7 (7292) 50-73-62

Эпидемиологиялық және алдын-алу бөлімі:



Махамбетқалиева Жәмила Абдикадировна

АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық бақылау бөлімі қызметінде АИТВ-инфекциясына бақылауды ұйымдастырып, өткізуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады.
АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық бақылау бөлімінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1. АИТВ-инфекциясының жағдайларына, сырқаттануына және таралуына эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
2. Эпидемиологиялық жағдайларды тадау және бағалау;
3. АИТВ-инфекциясының абайлатуға және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған, іс-шаралар кешенін өткізу;
4. АИТВ-инфекциясына инфекциялық бақылауды өткізуде медициналық, ведомстволық және халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5. АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттану мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындау және оларды мүдделі ведомстволарға, облыстың, аудандардың, қалалардың Үйлестіру комитеттерінің отырыстарына жолдау.
6. АИТВ-ны күн сайын және ай сайын бақылау үшін ЖИТС ОО-да референс-зертхана деректер базасынан берілетін, анықталған АИТВ-инфекциясының барлық жағдайларын автоматтандырылған (компьютерлік) есепке алуды жүргізу;
7. Статистикалық нысандарға сәйкес есептік нысандарды дайындау;
8. Ошақтарында эпидемиологиялық тергеп -тексеру жүргізу;
9. ХОТ арасында шолғыншы эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастырып, өткізу;
10. ШЭБ нәтижелерін талдау;
11. Эпидкөрсеткіштері бойынша АИТВ-ға халықты скрингтік тексеруді ұйымдастыру;
12. АИТВ-ға халықтың скрингтік талдамасын жүргізу;
13. АИТВ/ЖИТС проблемаларына  арналған іс-шараларға қатысу;
14. СӨС ҚП ОО-мен бірлесіп халықты АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және жұқтыруды абайлатудың әдістері туралы хабардар ету;
15. АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру жөнінде нормативтік құқықтық актілердің, нұсқамалық, әдістемелік материалдардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
16.АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша ғылыми және көпшілік мақалалар дайындау.
 
Эпидемиологиялық бөлімінің штаты:
- эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі – Ж. А. Махамбетқалиева
- эпидемиолог-дәрігер - А.Ч.Кемазанова
- эпидемиолог - дәрігер – А.Е.Есенжолова
- эпидемиолог - дәрігер - Ф.О.Омарова
- эпидемиолог - дәрігер - Д.С.Нургалина 
- эпидемиолог - дәрігер - Г.Н. Жайлиева 
- педагог - Ы.Т.Коджабергенова 
- эпидемиолог- дәрігердің көмекшісі: А. А. Майланова
- медстатист – Б. Б. Тилегенова
- эпидемиолог - көмекшісі - У. С.Мирзаханова 
- эпидемиолог- көмекшісі - А.У. Утаргулов
- медбике - Ж.О.Сатова
- медбике - А.Ж.Жумабекова
             


 

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 

     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АҚТҚ және ЖҚТБ-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2018

45

Выявлено граждан РК

7

Выявлено иностранцы

75
%

Мужчины

25
%

Женщины

Информация об ОСМС