Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Телефон доверия

8/7292/50-40-49
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@med.mail.kz
Телефон: +7 (7292) 50-73-62

Медициналық зертхана:    

 

«Маңғыстау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ МКҚК Медициналық зертханасының іс-шаралары

 АИТВ-инфекциясын диагностикалау зертханасы 1988 жылы Облыстық қан орталығының базасында ұйымдастырылған. 1991 жылы Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының ашылуына байланысты зертхана оның құрылымдық бөлімшесі болып табылды. Медициналық зертхананың жұмысына келесі құжаттар негіз болып табылады:
1. 25.01. 2013 ж. № 00436 DE Лицензиясы
2. Режимдік комиссияның рұқсаты-  Микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат:
- 28.01.2020 ж. № KZ 06VMY00001717, III және IV патогендік топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу;
- 02.06.2020 ж.№ KZ 06VMY00001836, II патогендік топтағы микроорганизмдермен жұмысістеу.
3. Диагностикалық зертхана туралы ережесі
2019 жылы ҚР СТ ISO15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар бойынша медициналық зертхана аккредитациядан отті, 2019 жылғы 18 қарашадағы № KZ.M.13.2283 аккредиттеу сертификатын алды(аккредиттеу көлемі 1-қосымшада келтірілген).

Медициналық зертхананың негізгі міндеттері:
- Маңғыстау облысында АИТВ/ЖИТС жағдайларын бақылау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу;
-  АИТВ, В, С гепатиті және оппортунистік инфекциялардың зертханалық диагностикасын жүзеге асыру;
- AРВ терапиясының сапасын зертханалық бақылау жүргізу (иммундық статусты анықтау, АИВ-РНҚ-ны сандық анықтау, клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер, жалпы зәр анализі);
- халықтың негізгі топтарын зертханалық диагностикалау (ИФА және ПТР арқылы ЖЖБИ диагностикасы, биохимиялық зерттеулер, ОАМ)
- ішкі және сыртқы сапаны бақылау жүйелерін ұйымдастыру және енгізу;
- тәуекел топтарында күзетші эпидемиологиялық қадағалаудың серологиялық кезеңін ұйымдастыру және бақылау;
- облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріне ұйымдық-әдістемелік басшылық жасау;
- ғылыми конференцияларға қатысу.

Медициналық зертхана орындаған зерттеулер тізбесі (аккредиттеу саласына кіреді):
1) АИТВ-ға антиденелерді анықтау (ИФА/ИХЛА)
2) Hbs Aga анықтау (ИФА/ИХЛА)
3) Анти-HCVa анықтау (ИФА/ИХЛА)
4) HAV анықтамасы
5) HBcoreAg анықтау
6) HBeAg анықтау
7) Гепатит D вирусына жалпы антиденелерді анықтау
8) D гепатиті вирусына қарсы М класының иммуноглобулиндерін анықтау
9) ЖЖБИ (гарднерелла, трихомонас, хламидиоз, микоплазма, уреаплазма) ИФА және ПТР бойынша зерттеулер
10) Treponema pallidum бойынша ИФА зерттеуі
11) Клиникалық және биохимиялық зерттеулер
12) АИВ РНҚ-ны ПТР әдісімен анықтау
13) Иммундық статусты анықтау - (CD4 / CD8)
14) Анализатордағы зәрдің жалпы анализі
15) тазалық үшін жағынды (мазок)
Зертхана қызметкерлері: зертхана меңгерушісі – Таласбаева О.Г., дәрігер зертханашылар – Сүйебаева Г.А., Оразова Қ.Г., Жупқали Н.А., маман зертханашы – Жұбанова А.Ж., сапаны бақылау меңгерушісі Бегендикова О.К., аға зертханашы – Исмурзиева Б.С., зертханашылар -Абдимова Қ.Қ., Үзденбаева Г.Т., Малаева П.Ж., Қошқарова Г.С., Бекмағанбетова А., Әділбаева М., Аманқосова Ж., Серікбаева З.; инженер программист – Абдуллаева С.; кіші қызметкерлер – Ізтілеуова А.Н.

 
Зертхана меңгерушісі: Таласбаева Ольга Геннадьевна
 

  


Зертхананың материалдық-техникалық базасы:
- BioRad PR 4100 моделінің жартылай автоматты ферменттік иммуноталдағыш (2 бірлік)
- VITROS 3600 автоматты иммунохимилюминесцентті анализатор
- BTS 350 жартылай автоматты биохимиялық анализатор (BioSystems)
- Автоматты биохимиялық анализатор A15 (BioSystems)
- Автоматты гематологиялық анализатор SysmexKX 21 N
- Автоматты гематологиялық анализатор Dirui 3900
- BDFacsCount ағынының цитометрі
- портативті ағын цитометрі Alere
- RotorGen жартылай автоматты полимеразды тізбекті реакция анализаторы


Сапаны бақылау 

  


 


      

 

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 

     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АҚТҚ және ЖҚТБ-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2022

40

Выявлено граждан РК

3

Выявлено иностранцы

73
%

Мужчины

27
%

Женщины

Информация об ОСМС