Мангистауский областной центр СПИД доводит до сведения населения и гостей г.Актау и области.
В последнее время участились случай регистрации заболеваний ИППП (инфекции, передаваемые половым путем), в том числе ВИЧ/СПИДа среди уязвимой группы населения РС (работники секса).
Напоминаем клиентам, пользующихся услугами РС, о необходимости применения средств защиты при половых контактах.
Консультации по телефонам:
+7(729)250-40-49,
+7(729)234-12-58

ТЕЛЕФОНЫ ДОВЕРИЯ!

В ГКП на ПХВ «Мангистауский областной центр СПИД» работают «Телефоны доверия»:
+7(729)252–44–05
+7(729)250–40–49
В случае выявления факторов нарушения порядка оказания медицинской помощи на Ваши вопросы ответит Бисен Алмабек Конарбаевич.

Добро пожаловать на наш сайт!

«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық Орталығы» ШЖҚ МКК қызметі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.09 жылғы №193-IV ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 25.12.2010 жылы № 08-3208/И келісілген және Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.12.2010ж., қаулысымен бекітілген, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыруға бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес және «АИТВ-жұқпасының болуына медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» ҚР ДМ 28.07.2010 ж. № 552 бұйрығына және «АИТВ-жұқпасының болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 қаулысына сәйкес орындалуда.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс халқының арасында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі тұтынушылар) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылған. Стационарлы СП-де ақы төленетін 16 волонтер (2 – СҚ мен 14- ИЕТ) және ақы төленбейтін 4 адам (4- ИЕТ) жұмыс істейді.
Облыс бойынша ЖИТС МОО, АГП№1 АҚЕ, АГП№2, ОТВД, ОНД, Жаңаөзен қалалық емханасы, Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау аудандары ОАЕ базасында, психо-әлеуметтік кеңес берудің (бұдан әрі – ПӘК) 10 кабинеті жұмыс жасайды, онда ПӘК білікті мамандар жүргізеді. 2015 жылдың I-жарты жылдығында ПӘК кабинеті арқылы – 45886 адам консультациядан өтті, диспансерлік көмекке - 871 адам  қаралды.
Достық кабинетінде экспресс-тестілердің көмегімен АИТВ-ға – 93 секс қызметшісі, 172  ИЕТ тестілеуден өтті.
Жылжымалы сенім пункті бойынша АИТВ-ға тестілеуден өткендердің саны– 54 ИЕТ, аутрич қызметшілермен – 810 ИЕТ, стационарлы СП бойынша – 56 ИЕТ.
АИТВ-ға тестілеуден өткендердің СҚ саны, тұрақты СП бойынша – 24 СҚ, жылжымалы пункт бойынша – 117 СҚ, аутрич қызметшілермен – 72 СҚ.
ЖИТС МОО мамандарымен күн сайын АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылады. Барлығы 33067 адам қамтылды, оның ішінде 94 орта мектеп – қамтылғаны 19540 оқушы, 15 АООО – қамтылғаны 11125 студент, 2 ЖОО – 2402 студент, 78 бизнес-құрылымдар – 1673 адамдар қамтылды.
Осы жұмысты жүргізу үшін ақпараттық-білім беру материалдарын әзірленуі және дайындалуы қажет. 2016 жылдың I-жарты жылдығына 10900 дана АБМ дайындалды. Барлық АБМ жалпы тұрғын халық пен инъекциялық есірткі тұтынушылар, секс қызметшілері, сотталғандар секілді, тұрғын халықтың осал жіктері арасында семинар-тренинг, лекциялар, дөңгелек үстелдер, кештер, кездесулер, акциялар кезінде үлестіріліп беріледі.

Подробнее

НОВОСТИ И СОБЫТИЯ

/13/12/2016

Instagram-дағы конкурс қорытындысы туралы

2016 жылғы 17 қарашадан 10 желтоқсаны   аралығында ЖИТС МОО-ның Instagram парақшасында@antispid_aktau Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы   күрес  Күніне   арналған «АИТВ-ның   алдын  алуды жандандыру  үшін өз пікіріңді  білдір!»  деген ұранмен    конкурс  жарияланған  болатын.
         13-14 желтоқсанда конкурстың  қорытындысын  шығару және қорытынды   акциясы   және  жеңімпаздарды наградтау болып  өтті. Конкурсқа  негізінен өскін ұрпағымыз –ЖОО  мен  колледждердің  студенттері, мектеп  оқушыларының  қатысуымен  бірге,   облыстағы   емдеу-алдын  алу  мекемелері  өкілдерінің  қалыс қалмағаны да қуанышты жай  болды.
Қорытынды   шарада ЖИТС ОО директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық  жұмысы жөніндегі  орынбасары А.Х. Тасболатова  құттықтау сөз сөйледі. Ол  конкурсқа  қатысушылардың  баршасына  ризашылығын  білдірді, сонымен  бірге  конкурсқа қатысқандар  көпшілігінің тақырыпты  кәсіби  шеберлікпен  және  түсінікті  түрде   аша  білгенін   атап   көрсетті.
Бірінші орынға АИТВ/ЖИТС   алдын  алу  мәселелері жазып   көрсетілген және қоғамдағы  қауіпсіз  мінез-құлыққа шақырған  бейнеролигі үшін @abenova_zh  Батыс Қазақстан   мемлекеттік   университетінің шет  тілдер   факультетінің  2 курс   студенті,  Ақтау  қаласының  тұрғыны Жанна Көптілеуоваие  болды.Жүлдесі – өткізгішсіз  колонка.
Екінші  орынға АИТВ/ЖИТС   алдын  алудың    және  саламатты  өмір  салты ұраны бар фотосуреттері  үшін  Ақтау қ. № 2 АҚЕ  ие болды. Оларға  – блютузқұлақшажүлдесітабысталды.
Үшінші орын «Мен АИТВ-ның   алдын  алуды  жақтаймын!» деген  тақырыптағы  ұжымдық  және  жекеше фотосуреттері үшін Туризм  колледжінің  4 студентіне  берілді. Оларға жүлде  ретінде  2 өткізгішсіз  қуаттайтын құрылғы  мен 2  флешка берілді.
Белсенді  қатысқаны  үшін  жүлде(өткізгішсіз  қуаттайтын құрылғы) Instagram-дағы  фотосуреттер  сериясы  үшін  Ақтау қ. № 1 ОМ-тің 10б сынып  оқушысы Алсу Ишмаеваға  берілді.
Біздің конкурс   осымен аяқталмайды!  @antispid_aktau  жазылыңыздар және барлық  қызықтыратын оқиғалардан  хабардар  болыңыздар!
Өзінің Конкурсқа  қатысуы  арқылы  бізге құрмет    көрсеткен  қатысушылардың  баршасына  үлкен   алғыс білдіргіміз  келеді. 
Алдағы  уақытта да   көптеген   қызықты  шаралар өткізілмек,  бізбен  бірге   болыңыздар! 
Біз  сіздерге   қандай қуаныш сыйлауды білеміз!!

Материалды дайындаған  ЖИТС  МОО ұйымдастыру-әдістемелік  бөлімі

    

    




Подробнее

/12/12/2016

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында семинардың өткізілуі

 «Инъекциялық  есірткі  тұтынушы адамдар (ИЕТА) санын бағалау есептемесі. RDS Analyst (RDS-A)» компьютерлік  бағдарламасындаИЕТА арасында  шолғыншы  эпидемиологиялық  қадағалау (ШЭҚ) деректерін  талдау» Ұлттық тренингі
         21.11.2016 жылдан бастап 25.11.2016  жыл  аралығындағы  кезеңде Астана қаласында «Инъекциялық  есірткі  тұтынушы адамдар (ИЕТА) санын бағалау есептемесі.   RDS Analyst (RDS-A)» компьютерлік  бағдарламасында ИЕТА арасында  шолғыншы  эпидемиологиялық  қадағалау (ШЭҚ) деректерін  талдау және  түсіндіру » деген  тақырыпта  республикалық  семинар-тренинг өткізілді, оған эпидемиологиялық  бөлімінің  меңгерушісі  Ж.Махамбетқалиева қатысты.
ЖИТС ОО-ның  мамандарын семинар-тренингтің материалдарымен  таныстыру  үшін 30.11.2016 жылы ЖИТС ОО  медицина  қызметкерлерінің   арасында ИЕТА арасында «Инъекциялық  есірткі  тұтынушы адамдар (ИЕТА) санын бағалау есептемесі.   RDS Analyst (RDS-A)» компьютерлік  бағдарламасында ИЕТА арасында  шолғыншы  эпидемиологиялық  қадағалау (ШЭҚ) деректерін  талдау және  түсіндіру »ЭСР талдау жөнінде  семинар  өткізілді, эпидемиологиялық,  алдын  алу  және диспансерлік  бөлімдерден 29 маман  қатысты.ИЕТА   арасында ШЭҚ өткізу,купондарды  дұрыс  толтыру, бағдарламадан қателерді   іздеу, ШЭҚ нәтижелері  бойынша  есептер  жасау үшін  шынайы  көрсеткіштерді   алу, алынған  деректерді  облысқа  шығару  арқылы шолғыншы  сайтқа ИЕТА-ның  санын  бағалау  жөнінде ұйымдастырушылық  және дайындық  мәселелері талқыланды. Сонымен  бірге, 7  көбейткішке  арналған эталондарды, слайттар  көрсетілімін, ИЕТА   арасында ШЭҚ өткізу барысындағы кемшіліктер  мен  қателіктер  талқыланды.
 
 
Ж.Махамбетқалиева
Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі


    


Подробнее

/11/12/2016

«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің отырысы

 «Нұр  Отан» партиясы мүшелерінің отырысы
 
         ЖИТС-тың   алдын  алу  және  оған  қарсы  күрес  жөніндегі Маңғыстау  облыстық  орталығында 12.12.2016  жылы «НұрОтан» партиясы  мүшелерінің Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына   арналған  отырысы  болып  өтті. Отырысқа  Орталықтың ұжымы да қатысты.
 Отырыстың   күн  тәртібімен ЖИТС МОО –нан «НұрОтан» партиясының төрағасы, директордың  ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары А.Х.  Тасболатова таныстырды. Ол  өз   сөзінде «Нұр Отан»партиясының   құрылған  кезінен  бері  өз төңірегіне  әр  түрлі ұлт  өкілдерін, діни   ұстанымдағы   адамдарды топтастырып Елбасының  саяси бағытын белсенді  түрде  іске  асырып  келе жатқан  жетекші  партия  ретінде   көрсете білгендігін айтып  өтті. Оның қатары, қоғамның барлық  жігіндегі  азаматтардың,  белсенді  жастардың   легімен  толығуда  екендігіне  тоқталып,  ЖИТС  МОО-да  еңбек жолын  бастаған  жас  мамандардың  салихалы  шешім  қабылдап,  партия қатарында  болуға  тілек  білдіретіндігіне  сенім   артты. Партия  мүшесі  болу – бұл үлкен жауапкершілік. Біздің  партиямыздың  міндеті–   «Қазақстан-2050»          Стратегиясын  жүзеге  асыру   ісіне  қоғамды  топтастыру.
ЖИТС  МОО директоры Қ.Қ. Нұрғалиев  партия  мүшелерінің   қызметіне  қолдау мен  құттықтау   сөздерін  арнап, ұжымдағы  жас  мамандарды  партия  мүшесі  болуға,  қазіргі уақытқа  сай қадам жасауға, саяси  өзгерістерге  еріп  отыруға және  өзіне  жүктелген  міндеттерді орындау   ісінде  лайықты   жалғастырушы  жастар болуға  шақырды. 


     

Подробнее

ПОКАЗАТЕЛИ ПО ОБЛАСТИ ЗА 2015

Выявлено граждан РК

17

Выявлено иностранцы

9

Мужчины


69.2 %

Женщины


30.8 %
Подробнее
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — бұл АИТВ-инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі ағзаны ісікті жасушалар мен патогендерді теңестіріп және жоя отырып адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

МАТЕРИАЛЫ И ИНФОРМАЦИЯ

/14/12/2016

№ 44 Мақала "АИТВ- жүктілік"

№ 44 Мақала "АИТВ- жүктілік"

Подробнее

/08/12/2016

№ 43 Мақала "ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары"

№ 43 Мақала "ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары"

Подробнее

/24/11/2016

№ 42 Мақала "АИТВ жұқтырылған балаларға ПӘК"

№ 42 Мақала "АИТВ жұқтырылған балаларға ПӘК"

Подробнее

/10/11/2016

№ 41 Мақала "Секс қызметшілері арасында АИТВ-ның алдын алу"

№ 41 Мақала "Секс қызметшілері арасында АИТВ-ның алдын алу"

Подробнее

/03/11/2016

№ 40 Мақала "Ауылдық жердегі тұрғын халық арасында АИТВ мәселелері бойынша ПЭК"

№ 40 Мақала "Ауылдық жердегі тұрғын халық арасында АИТВ мәселелері бойынша ПЭК"

Подробнее

/27/10/2016

№ 39 Мақала "Баладағы АИТВ-инфекцияны АРВТ терапиясының ерекшелігі"

№ 39 Мақала "Баладағы АИТВ-инфекцияны АРВТ терапиясының ерекшелігі"

Подробнее

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.