Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Телефон доверия

8/7292/50-40-49

Всего зарегистрировано случаев ВИЧ за

2018г.:

52

75%


Мужчин

25%


Женщин

По возрастным группам:

По путям передачи:

Гетеро-сексуальный 73,0%
Гомо-сексуальный 17,3%
При употреблении инъекционных наркотиков 7,7%
От матери к ребенку 0%
Остальные в том числе неустановленные 1,9%

Басшы блогы

Өмірбаян

ЖИТС орталығының директорының м.а. – Алмабек Бисен Қонарбайұлы
Туған жылы: 17.09.1956 жыл
Білімі:
1981 жылы - Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, мамандығы- «Гигиена, санитария, эпидемиология».
Жұмыс тәжірибесі:
1981-1994 ж.ж. – Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиолог дәрігері, аудандық СЭС бас дәрігері;
1994-2001 жж. – Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының «Ақтау теңіз портындағы» санитарлық-карантиндік бөлімінің меңгерушісі;
2001-2002 ж.ж. - Ақтау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері;
2002-2007 жж. – Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның "Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі және шекараларын санитарлық қорғау" бөлімінің бастығы;
2007-2008 жж. – Мұнайлы ауданының мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы ;
2008-2010 жж. – Маңғыстау облысының облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері;
2010- 2015 жж. – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары;
2015-2017 ж.ж. - ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы директорының м.а. қызметін атқарады.
Қош келдіңіздер өзімнің жеке блогыма!
ЖИТС орталығының қызметінің жұмысына қатысты ұсыныстар бойынша, Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға осы блог арқылы жауап беруге тырысамын.
Құрметпен, Алмабек Қонарбайұлы!

Сұрақ қою

Біздің вакансиялар

Қазіргі уақытта бос орындар бар: 
 
Позиция ставка
1 Инфекционист дәрігері 1
     
 
Түйіндемеңізді spid_aktau@med.mail.kz электронды почта арқылы жіберуіңізге болады.
Барлық сұрақтар бойынша кадр бөліміне 52-44-46 (105) номірі арқылы хабарласуыңызға болады.


Хабарландыру

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының  алдын алу және  оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директор лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін  орны мен уақыты: Конкурс Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін өтеді. Телефон: 87292-30-20-38.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының  алдын алу және  оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының орналасқан жері Ақтау қаласы 3 шағын аудан № 170 ғимарат, телефоны: 87292-50-73-62.
Негізгі қызметі өңірде адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі - АИТВ) инфекциясына эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
- АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын ескерту мен төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуді ұйымдастыру;
- АИТВ-жұқтырғандарға және Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратындарға мамандандырылған амбулаториялық және білікті, кеңес беруші және диагностикалық медициналық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау  ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: медицина саласында жоғары білімінің болуы. Экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы.
- Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.
 Конкурсқа түсу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы қосымша білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейі туралы ақпарат бере алады (біліктілігін жетілдіру, ғылыми дәреже, атақ тағайындалуы туралы құжаттардың, ғылыми басылымдарының көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылық ұсынымдары).
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу  Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде өтеді. Анықтама үшін телефон: 87292-30-20-59

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за 2018

45

Выявлено граждан РК

7

Выявлено иностранцы

75
%

Мужчины

25
%

Женщины

Информация об ОСМС