"Ислам және жастар" ұранымен Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жастар арасында семинар сабағы жүргізілді
Бекет ата атындағы Маңғыстау облыстық мешітінің бас имамы және мешіттің ұстазы Джумагалиева Гаухардың ұйымдастырылуымен «Ислам және жастар» ұранын ұстанып, «ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ» тақырыбында әйелдер – қыздар секторы бойынша мешіт жамағатының арасында семинар өткізілді. Қазіргі таңда жиі кездесіп тез тарап жатқан аурулардың(АИТВ-жұқпасы, менингококк жұқпасы, қызылша, туберкулез,) анықталуы, алғашқы белгілері, емделуі және алдын-алуы түсіндіріліп жеткізілген. Денсаулыққа қатысты тақырыптағы кездесуге медицина саласынан арнайы мамандар шақырылды. Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері Омарова Ф. А., осы кездесуде АИТВ және ЖИТСсұрақтары бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ – жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы жөнінде және алдын-алу шаралары жайында тұсіндірмелі жұмыстар жүргізіп, жұқпаның облысымызда жастар арасында көп тарап жатқаны жөнінде бірлесіп талқылады. Ал менингококк жұқпасы, қызылша, туберкулез және жалпы бала-ана денсаулығы бойынша келесі мамандар толықтай ақпараттар айтып жеткізді.
Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шорбасова Г. С. және Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Жексенбай С. Д.
№2 Ақтау қалалық емхана басшы орынбасары Шанытбаева Ж. К.
Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансердің балалар фтизиатры Манкешова З. Ж.
Бала және ана(әйелдер) денсаулығына қатысты барлық койылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Барлығы белсене қатысты.
Біздің вакансиялар
Қазіргі уақытта бос орындар бар:
№
Позиция
ставка
1
Инфекционист дәрігері
1
Түйіндемеңізді spid_aktau@med.mail.kz электронды почта арқылы жіберуіңізге болады. Барлық сұрақтар бойынша кадр бөліміне 52-44-46 (105) номірі арқылы хабарласуыңызға болады.