Диспансерлік бөлімі. Пациенттерді емдеу, консультация беру, диспансерлеу:
Жиенғалиева Әлия Төлемісқызы
Диспансерлік бөлімінің меңгерушісі болып екінші санаттағы дәрігер-инфекционисі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева істейді – ол сауатты, тез шешім қабылдайды, сөйтіп көмек көрсеткен пациенті уақытылы ерекшелік ем-домын алады, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді. 1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылдан 2005 жылдар аралығында наркологиялық диспансерде стационарлы дәрігер болып істеді. Қазіргі кезде ЖИТС облыстық орталығы жанындағы диспансерлік бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Ұдайы өз білімін өзі көтерумен айналысады, конференцияларға, тренингтер мен сабақтарға қатысады. Жыл сайын «АИТВ жұқтырудың алдын алу және емдеу, АИТВ/ЖИТС анадан балаға берілуінің тік жолын болдырмау» деген тақырыптағы жалпы емдеудегі семинарлық сабақтарға қатысады. Қажет болуына қарай, қажетті мәселелерді шешеді, ЖИТС РО ЕПҰ меңгерушісімен және ЖҚ (жаһандық қордың) желісі бойынша ауруларды емдеу жөніндегі бас мамандарымен, АМДЖИ жанындағы инфекциялық аурулар кафедрасының мамандарымен кеңеседі, науқас ауруының күрделі жағдайларын талдап, емдеу тактикасын анықтайды.
Өкінішке қарай, жыл өткен сайын АИТВ-инфекциясымен ауыратындар саны көбеюде, пациенттердің бір бөлігінде сырқат ЖИТС сатысына ауысуда. Бұл медиктер тарапынан қосымша назар аударуды, пациентті емдеуге деген құлшыныстың ерекше дағдысын қалыптастыруды, емдеу схемасын таңдай білуін және қажетті дәрі-дәрмекті алуды, уақытылы жатқызып емдеуді тағайындауды және т.с. талап етеді. Бөлімнің ерекшелігін есепке ала отырып, сондай-ақ АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратындарды диспансерлік қадағалануын сапалы есепке алынуын қамтамасыз ету үшін, психоәлеуметтік және тестіден кейінгі консультация беруді өткізу арқылы бөлімде: 1,0 штат бірлігінде дәрігер-инфекционист (оның ішінде бөлім меңгерушісі), 1,0 ставкада дәрігер терапев және 5,0 штат бірлігінде орта медицина қызметші бар. «АИТВ/ЖИТС бойынша анонимдік тестілеу және психоәлеуметтік консультация беру кабинеттерін ұйымдастыру туралы» ОДБ 31.01.2012 ж. № 24 бұйрығының негізінде, ПӘК (облыс аудандарын қоса алғанда психоәлеуметтік консультация беру) кабинеттері үшін дәрігерлердің 7,0 ставкасы бөлінді. Психоәлеуметтік консультация беру кабинеттерінің дәрігерлері, барлық хабарласқан клиенттерге тестіге дейінгі және одан кейінгі консультация беруді жүргізеді. ЖИТС орталығының жанында тәжірибелі медбике Сара Қойманқызы Ережепова істейді. Облыстың қалалары мен аудандарында ПӘК бар, онда халық арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша консультация беру өткізіледі. Жаңадан ауырып түскендердің барлығымен қызметкерлер тарапынан АИТВ жұқтырғандарға күтім жасау бойынша, серологиялық зерттеуге материал жинақтау бойынша нұсқама, техника қауіпсіздігі және ЖЕА (жанасудан кейінгі алдын алу) бойынша нұсқама өткізіледі.
Диспансерлік бөлімінің дәрігерлері АИТВ оң және күмәнді пациенттерді амбулаториялық қабылдауды, тестіден кейінгі консультация беруді, оларды қаралғанға дейінгі диагнозын верификациялауды, диспансерлеуді және емдеуді жүзеге асырады.
2006 жылдан бастап туберкулез, созылмалы гепатит С, герпетикалық ауру тәрізді ілеспелі сырқаттары бар аурулар саны ұдайы көбейе түсуде. Диспансерлік бөлімінің дәрігерлері, аурулар мен олардың туысқандарына қолдан келген көмегін көрсетеді, емдеуге деген құлшынысын қалыптастырады, бұл оңай емес міндеттер болып табылады, емдеу схемасын тағайындайды және түзетеді, қажетіне қарай, сырқаттың бейіні бойынша ЕПМ-не жатқызып емдеу туралы келіселді, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша басқа да ЕПМ-не консультация береді. Медицина мейірбикесі құрамында Талчин Ізбасарқызы Бақтыбаева істейді. Ол міндеттерінің орындалуына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады, жұмыс уақытының кестесін және қызметшінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды. Ол материалдық-жауапты адам болып табылады және дәрілік заттардың кірісі мен шығысын есепке алуды жүргізеді, компьютерлік бағдарламадағы жұмыс дағдыларын меңгерген. Пациенттерді жатқызып емдеу жүргізілуінің орындалуына, бұйрықпен белгіленген алгоритмге сәйкес тексеріп қарау еселігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізеді.
Емшара кабинеті – өте жауапты жұмыс учаскесі, мұнда тиянақтылық, шеберлік, кәсіби біліктілік талап етіледі. Жыл сайын облыс бойынша кабинет арқылы 60-70 дейін адам өтеді. Мұнда АИТВ-ға, гепатитке, биохимияға зерттеу үшін қан жинау жүргізіледі. Емшаралық кабинетте екінші санаттағы мейірбике Венера Қожамқұлова жұмыс істейді.
Выявлено граждан РК
Выявлено иностранцы
Мужчины
Женщины





