2018 жылдың шілде айында Маңғыстау облыстық ЖИТС - орталығының мамандарымен Ақтау қалалық Ішкі Істер Министрлігінің оқыту орталығында, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын-алу шаралары, және Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы жөнінде семинар өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар арасында тақырып бойынша сауалнама жүргізілді. Қатысушылар саны - 118. Білім көрсеткіші - 80,2%. Жоспар бойынша Ақтау қаласындағы 18 баня-сауна және 6 қонақ үйлерде АИТВ-жұқпасы жөнінде түсіндірмелі жұмыстары өткізілді. Педагог маманы салауатты өмір салтын сақтау мақсатында мектеп жасындағы барлық балаларға арнайы лагерлерге бару арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қамтылған лагерлер: «Жалын, Самал, Куаныш». Балалар саны- 476, тәрбиешілер саны- 14.