2018 жылдың 31 мамырында Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының басшылығы "Казан Хаус" мейрамханасында ауыз бекіткен қызметкерлерге ауызашар өткізді. Арнайы қонағымыз болған Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Оралбаева К.А. жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразалары, жасаған құлшылықтары қабыл болуына тілектестігін жеткізді. Жиналған қауым мол дастарханнан дәм татып, бір-біріне жылы тілек білдіріп тарқасты.