463 жазбадан 1-20 аралығы көрсетілген.
12-12-2022
ИЕТ адамдардың арасында АИТВ-инфекциясының парентеральді жолмен жұғуын азайту мақсатында бірлескен жұмыс кеңесі өткізілді.
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасында 2022 жылдың 8 желтоқсанында Облыстық ЖИТС орталығының мамандары, №1 Ақтау қалалық емханасы эпидемиолог дәрігері және денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері, мейірбикелері қатысуымен инекциялық есірткі тұтынушы адамдардың арасында АИТВ-инфекциясының парентеральді жолмен жұғуын азайту мақсатында бірлескен жұмыс кеңесі өткізілді. Жұмыс кеңесінде АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы және инекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын күшейту және оларды АИТВ-ға тестілеу мәселелері қаралды.
09-12-2022
№ 12 жалпы білім беретін орта мектеп
Подробнее...
№ 12 жалпы білім беретін орта мектеп
2022 жылдың 06 желтоқсанында «Маңғыстау облыстық ЖИТС-пен күресу және оның алдын алу орталығының» дәрігер эпидемиологы Таңатарова Ж.Ә., «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» маманымен Орынбасарова М.Қ. бірлесіп № 12 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері мен оқушылар арасында «АИТВ-инфекциясы туралы», «ҚР және Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылғы және 2022 жылдың 11 айы бойынша АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал» тақырыптары бойынша дәріс оқылды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында өзекті сұрақтарға жауап беріліп, білім деңгейін арттыру мақсатында ауызша сауалнама жүргізілді. 44 оқушы 3 мұғалім қатысты.
09-12-2022
Ақтау қалалық полиция басқармасы қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында семинарлық сабақ өткізді.
Подробнее...
2022 жыл желтоқсан айының 9 жұлдызында Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығы мамандары дәрігер эпидемиолог Жайлиева Г.Н. және медбике Кибашева З.С., Ақтау қалалық полиция басқармасы қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында семинарлық сабақ өткізді.
Семинар барысында Маңғыстау облысы және ҚР бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және оның алдын алу, АИТВ инфекциясының қамауда ұстау орындарындағы анықталуы тақырыптарында арнайы слайд жасақталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мекеме қызметкерлері өз мәртебелерін білу үшін АИТВ-инфекциясына экспресс тесті және ИФТ тапсырды.
Қатысқан қызметкерлер саны – 83 адам, экспресс тесті тапсырғандар саны – 18 адам, нәтижелері – теріс.
08-12-2022
«Адем МЕД» ЖШС
Подробнее...
«Адем МЕД» ЖШС
«Адем МЕД» ЖШС медицина орталығының медицина қызметкерлері арасында 2022 жылдың 8 қарашасында «емдеу сауықтыру ұйымдарындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстар», «АИТВ-инфекциясы туралы бұйрықтар». «95-95-95: ЖИТС індетін жеңуге жақындаған өршіл мақсаттар». «ҚР және Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылғы және 2022 жылдың 11 айы бойынша АИТВ- инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал» тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Сонымен қатар «Адем МЕД» ЖШС-де тіркелген халықтың АИТВ-инфекциясына тексерілуіне қамтылуы, халықтың клиникалық көрсеткіштеріне байланысты АИТВ-инфекциясына тексерілуі және есепке алынған жүкті әйелдердің және олардың серіктестерінің АИТВ-инфекциясына уақытылы тексерілу ұсынылды. Сонымен қатар медицина қызметкерлер арасында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім деңгейін арттыру мақсатында ауызша сауалнама жүргізілді. Қатысқандар 21 медицина қызметкері оның ішінде 5 дәрігер 16 медбике.
07-12-2022
«Толимед» ЖШС
Подробнее...
«Толимед» ЖШС
«Толимед» ЖШС медицина орталығының медицина қызметкерлері арасында 2022 жылдың 7 қарашасында «емдеу сауықтыру ұйымдарындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстар», «АИТВ-инфекциясы туралы бұйрықтар». «95-95-95: ЖИТС індетін жеңуге жақындаған өршіл мақсаттар». «ҚР және Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылғы және 2022 жылдың 11 айы бойынша АИТВ- инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал» тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Сонымен қатар «Толимед» ЖШС-де тіркелген халықтың АИТВ-инфекциясына тексерілуіне қамтылуы, халықтың клиникалық көрсеткіштеріне байланысты АИТВ-инфекциясына тексерілуі және есепке алынған жүкті әйелдердің және олардың серіктестерінің АИТВ-инфекциясына уақытылы тексерілу ұсынылды. Сонымен қатар медицина қызметкерлер арасында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, білім деңгейін арттыру мақсатында ауызша сауалнама жүргізілді. Қатысқандар 7 медицина қызметкері оның ішінде 1 дәрігер 6 медбике.
05-12-2022
«Жібек жолы» сауда орталығында ашық есік күнін ұйымдастырды
Подробнее...
29.11.2022ж 1желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңдік уақыты!» науқаны қарсаңында МО ЖИТС орталығының Жаңаөзен қаласы бойынша дәрігер эпидемиологы Т.Б Ургенчбаева мен мейірбике Қ.Б.Даулетбаева №2 Жаңаөзен қалалық емханасының мамандарымен бірлесіп «Жібек жолы» сауда орталығында ашық есік күнін ұйымдастырды. Сауда орталығына келушілер арасында АИТВ инфекциясы туралы түсінік, оның берілу жолдары мен алдын-алу шаралары туралы ақпараттық оқу материалдары таратылды. Сонымен қатар 14 адам АИТВ инфекциясына жедел тестілеуден өтті, нәтижесі-теріс. Науқанның өткізу мақсаты туралы «Жаңаөзен жаңалықтары» арнасына ақпарат берілді.
01-12-2022
«Арнаулы білім беру ұйымы» КММ
Подробнее...
«Арнаулы білім беру ұйымы» КММ
«Маңғыстау облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының» дәрігер эпидемиологы Таңатарова Ж.Ә., 2022 жылдың 1 желтоқсанында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай
«Теңдік уақыты» ұранымен «Арнаулы білім беру ұйымы» КММ-нің оқытушылар мен оқушылар арасында семинар өткізді.Қатысушыларға арнайы бейнежазба көрсетіліп, «АИТВ-инфекциясы туралы», «Стигма және кемсітушілік» , «ҚР және Маңғыстау облысы бойынша 2021 жылғы және 2022 жылдың 10 айы бойынша АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал» тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Сонымен қатар, оқытушылар мен оқушылар арасында өзекті сұрақтарға жауап беріліп, білім деңгейін арттыру мақсатында ауызша сауалнама жүргізілд Қатысқандар саны 12 адам оның ішінде: 4 оқушы, 3 мұғалім, 2 тәрбиеші, психолог, медбике және хатшы қатысты.
30-11-2022
«Дина» гипермаркетінде науқан өтті
Подробнее...
«Дина» гипермаркетінде науқан өтті
2022 жылдың 29 қараша күні, ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологтары кальменова К.Д. мен Нургалина Д.С. және жылжымалы сенім пункті медбикесі Коджабергенова Ы.Т. қатысуымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан аясында «Теңдік уақыты!» ұранымен "Дина" гипермаркетіндеорталығында келушілер мен сауда орталығы қызметкерлеріне арналған акция өткізілді
Науқанның мақсаты – халықтың назарын АИТВ-инфекциясы проблемасына аудару және азаматтардың АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы хабардарлығын арттыруға, стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған.
Акция барысында мамандар Бүкіләлемдік науқан және акцияның маңыздылығы, сондай-ақ қалада АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді. Науқан қатысушылары АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алды, барлығына ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Қамтылған адам саны - 200 , тестілеуден - 24 адам өтті.
30-11-2022
Ақтау қаласының №9 мектебінде акция өтті
Подробнее...
Ақтау қаласының №9 мектебінде акция өтті
2022 жылдың 29-ші қараша күні, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған, ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Нургалина Д.С. №9 мектептің акт залында 10-шы сынып оқушыларына «Теңдік уақыты!» атты ұранмен науқан өткізді. Науқанның мақсаты – оқушыларға АИТВ-инфекциясы жөнінде білім деңгейлерін көтеру, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмірсалтын ұстану маңыздылығы мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды арттыру болып табылады. АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою. #
ТЕҢДІК УАҚЫТЫ! ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақыру.
Науқан барысында АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттық түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді Науқан аясында қатысушыларға «АИТВ-инфекциясы» туралы бейнежазба көрсетілді. Аудиториядан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық білім кітапшалары таратылды. Барлығы 85 оқушы мен 3 сынып жетекші қатысты.
29-11-2022
Халыққа қызмет көрсету орталығының келушілері мен қызметкерлері үшін ашық есік күнін өткізді.
Подробнее...
2022 жылдың 29 қарашасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Сугирова Н.К. және м/с Жұмабекова А. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен халыққа қызмет көрсету орталығының келушілері мен қызметкерлері үшін ашық есік күнін өткізді. Акцияға 40-тан астам адам қатысты, АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 23 адамға АИТВ-инфекциясы бойынша психоәлеуметтік кеңестер берілді, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу жүргізілді, нәтижесі теріс.
28-11-2022
"Жолбаян" радиосында, тікелей эфирде, "Қоғам тынысы" бағдарламасында сұхбат берілді.
Подробнее...
Бүгін 2022 жыл 23 қарашада МО "Жолбаян" радиосында, тікелей эфирде, "Қоғам тынысы" бағдарламасында сұхбат берілді. Сұхбат барысында келесі тақырыптар талқыланды: 1 Желтоқсан- Бүкіләлемдік ЖИТСке қарсы күрес күніне орай "Теңдік уақыты" атты ұранмен науқан аясында өткізіліп жатқан шаралар және оның мақсаты; Маңғыстау облысындағы АИТВ инфекциясының 2022 жыл 10 айындағы эпидемиологиялық ахуалы; АИТВ инфекциясы бойынша түсінік, берілу жолдары, емі және алдын алу; Стигма және кемсітушілік; АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында қан талдауларын зерттеу құралдары; Сенім пункті және психоәлеуметтік кабинеттерінің негізгі қызметтері; Сұхбат берген алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы Гулбану Николаевна!
28-11-2022
№1 Ақтау қалалық емханасының әйелдерге кеңес беру бөлімінде науқан өткізілді.
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасының әйелдерге кеңес беру бөлімінде 2022 жылдың 28 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сугирова Н.К. №1 Ақтау қалалық емхана дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен ашық есік күні өткізілді. Науқанға 20 -дан астам адам қатысып, «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақрыбы бойынша лекция өткізіліп, ақпараттық оқу құралдары таратылды.
27-11-2022
Бейнеу ауданы тұрғындары арасында «Ашық есік күнін» өткізді.
Подробнее...
Бейнеу аудандық емханасында медицина мамандары салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен бірлесіп 27.11.2022 жылы «Теңдік уақыты» үндеуімен 1- желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні науқанына орай Бейнеу ауданы тұрғындары арасында «Ашық есік күнін» өткізді. Халық арасында АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әр түрлі сұрақтарға жауап берілді. 25 адамға психоәлеуметтік кеңес жүргізіліп, АИТВ-инфекцясына жедел тестілеуден өткізілді, тест нәтижелері теріс.
25-11-2022
Медициналық «Мейірбике» колледжі «Теңдік уақыты!» акциясын қолдады
Подробнее...
Медициналық «Мейірбике» колледжі «Теңдік уақыты!» акциясын қолдады
2022 жылдың 23 қараша күні, «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні"» науқаны аясында МО ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологтары Кальменова К.Д., Нургалина Д.С. мен сенім пункті медбикесі Жумабекова А.Ж. мамандары ұйымдастыруымен «Мейірбике» медициналық колледж студенттері үшін «Теңдік уақыты!» атты кең ауқымды науқаны өткізілді.
Науқанға Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығы, Маңғыстау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «Мейірбике» колледжінің бас өкілдері қатысты.
«Бүгінгі күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні әлі де өзінің өзектілігін сақтайды, себебі АИТВ-инфекциясы бойынша алдын алу және қызметтерге қолжетімділік мәселелерінде проблемалар бар. Осыған байланысты, халықтың оның ішінде жастардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеудің және оң мәртебесін білу маңыздылығын, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық жұмыстар жөніндегі ЖИТС орталығының директордың орынбарасы Тасбулатова А.Х.
Науқанға қатысушылар алдында эпидемиолог дәрігерлер Кальменова К.Д. және Нургалина Д.С. олар: жастарды өз денсаулығын сақтауға және жауапкершілікпен қарауға шақырды, АИТВ-инфекциясынан қорғану жолдары мен шаралары туралы айтып берді, және де АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы сөз сөйледі.
Акцияның қызықты бөліктері студенттер арасынан өткізілген топтық ойындар мен қатысушылар арасынан сұрақ-жауап айдары болды. Топтық ойындар мен сұрақ-жауап айдары жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары ұтыстар мен сыйлықтарға ие болды: смартфонға арналған сымсыз қуаттау құрылғысы және компьютерлік флэш-дискілер.
Сұрақ-жауап айдары барысында науқанға қатысушылар, мамандармен иммундық жүйенің не екенін, инфекциядан қорғау жолдарын, адамдардың құқықтарын және тағы басқа сұрақтарды талқылады. Науқан аясында барлық ниет білдірушілер АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес ала алды. Науқан барысында көрермендерге АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алғашқы белгілері туралы халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады.
25-11-2022
Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер мен орталық қызметкерлері арасында «Теңдік уақыты!»- ұранымен «Ашық есік» күні жүргізілді.
Подробнее...
2022 жылдың 24 қарашасында Маңғыстау облысыныңм ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Тулепова Ж.Б., эпидемиолог көмекшісі Утаргулов А.Б., медбике Жумабекова А., өткізуімен Дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер мен орталық қызметкерлері арасында «Теңдік уақыты!»- ұранымен «Ашық есік» күні жүргізілді.
Акцияның мақсаты: Осындай науқандардың арасында біз АИТВ-инфекциясы және ЖИТС тақырыбына назар аударамыз, әрбір азаматқа АИТВ-ның берілу жолдары, инфекциядан қорғау шаралары, адамның имун тапшылығын ерте анықтаудың маңыздылығы туралы толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеміз, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы бар адамдарға қатысты стигматизация мен кемсітушілікке жол бермейміз. Ақпарат халық денсаулығы үшін күресте ең тиімді қарудың біріне айналуда. Әр адам аурудың таралу қаупі және алдын-алу шаралары туралы білуі, тексеру әдістері туралы түсінікке ие болуы керек. Акцияға 40-50 адам қатысты. Барлық қатысушыларға АИТВ инфекциясы бойынша психо-әлеуметтік кеңес берілді және ақпараттық-танымдылық материалдар таратылды. Сонымен қатар 16 адам экспресс тестіден өтті.
25-11-2022
№1 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімінде ашық есік күні өткізілді.
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімінде 2022 жылдың 25 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сугирова Н.К. және №1 Ақтау қалалық емхана дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен ашық есік күні өткізілді. Науқанға 30-дан астам ата-аналар мен балалары және медицина қызметкерлері қатысып, АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.
25-11-2022
№1 Ақтау қалалық емханасында дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен ашық есік күні өткізілді.
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасында 2022 жылдың 23 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сугирова Н.К. №1 Ақтау қалалық емхана дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен ашық есік күні өткізілді. Науқанға 50-ден астам адам қатысып, АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 34 адам АИТВ инфекциясы бойынша психоәлеуметтік кеңес алып, ақпараттық оқу құралдары таратылып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өтті, нәтижелері теріс.
25-11-2022
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен дәрігерлер арасында дөңгелек үстел өткізілді
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасының конференция залында 2022 жылдың 24 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сугирова Н.К. және №1 Ақтау қалалық емхана дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен дәрігерлер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оған 9 дәрігер қатысты.Дәрігерлер АИТВ инфекциясының жаңа диагностикасын,емдеу жолдары мен алдын алу шараларын талқылады
25-11-2022
Консультациялық-диагностикалық бөліміне келген науқастарға ашық есік күні өткізілді.
Подробнее...
№1 Ақтау қалалық емханасында 2022 жылдың 23 қарашасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сугирова Н.К. және №1 Ақтау қалалық емхана дәрігер эпидемиологтарының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңдік уақыты» ұранымен консультациялық-диагностикалық бөліміне келген науқастарға ашық есік күні өткізілді. Науқанға 25-тен астам адам қатысып, АИТВ-инфекциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 17 адам АИТВ инфекциясы бойынша психоәлеуметтік кеңес алып, ақпараттық оқу құралдары таратылып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өтті, нәтижелері теріс.
25-11-2022
Шоғы Мұңал атындағы №5 орта мектепте 8-10 сынып оқушылар арасында семинар өткізілді
Подробнее...
24.11.2022 ж- Шоғы Мұңал атындағы №5 орта мектепте 8-10 сынып оқушылар арасында семинар өткізілді. Қамтылған оқушы саны-150. Оқушыларға АИТВ жұқпасы жөнінде білім деңгейлерін көтеру, салауатты өмірсалтын ұстану мен денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау. АИТВ-инфекциясының шығу тарихы мен жұғу жолдары, клиникалық көрсеткіштерімен профилактикасы жөнінде ақпарат берілді.
Қысқаша мәлімет 1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны іске асыруға бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
Орталықтың мақсаты:1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АҚТҚ және ЖҚТБ-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;